Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемдерді есептеу әдістемесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 27 сәуірдегі № 124-Ө Бұйрығы
ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2009 жылғы 8 сәуірдегі № 68-ө Бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 17-бабындағы 29) тармаққа сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемді септеу әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемдер ставкаларын есептеуді бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2005 жылғы 20 мамырдағы № 161-б бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 3696 болып тіркелген);
2) «Қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемдер ставкаларын есептеуді бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2005 жылғы 20 мамырдағы № 161-б бұйрығының күшін тоқтату туралы» Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2006 жылғы 1 наурыздағы № 72-б бұйрығы.
3. Осы бұйрық 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Қоршаған ортаны қорғау
министрінің
2007 жылғы 27 сәуірдегі
№ 124-Ө бұйрығымен
бекітілген
Қоршаған ортаға эмиссия жасаған үшін
алынатын ақыны есептеу әдістемесі
1. Осы Қоршаған ортаға эмиссия жасаған үшін алынатын ақыны есептеу әдістемесі қоршаған ортаға эмиссия жасағанға алынатын ақы мөлшерін анықтауға арналған.
2. Ақы табиғатты пайдаланушылардан қоршаған ортаға келесі эмиссиялар жасаған үшін алынады:
тұрақты және жылжымалы ластағыш заттар көздерінен атмосфераға шығатын шығарындар;
ластағыш заттардың су нысандарына төгу;
өндіріс пен тұтыну қалдықтарын орналастыру.
3. Тұрақты көздерден шығатын шығарындарға алынатын ақылар келесі формуламен есептеледі:
Ciшығ (төг) = Hi х Vi x Ai,
бұл жерде