Қазақстан Республикасы бағалы қағаздар рыногындағы қызметті лицензиялау ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының
2007 жылғы 30 сәуірдегі № 117 Қаулысы
(2010.29.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 87 Қаулысымен күші жойылды
Осы қаулыға өзгерістер енгізу туралы ҚР ҚҚА Басқармасының 2010.29.03. № 50 қаулысын қара (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
Бағалы қағаздар рыногындағы қызметті реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берілген Қазақстан Республикасы бағалы қағаздар рыногындағы қызметті лицензиялау ережесі бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) Агенттік Басқармасының «Бағалы қағаздар рыногындағы қызметті лицензиялау ережесін бекіту туралы» 2004 жылғы 27 желтоқсандағы № 373 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3400 тіркелген);
2) Агенттік Басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Бағалы қағаздар рыногындағы қызметті лицензиялау ережесін бекіту туралы» 2004 жылғы 27 желтоқсандағы № 373 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» 2005 жылғы 30 шілдедегі № 265 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3810 тіркелген);
3) Агенттік Басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Бағалы қағаздар рыногындағы қызметті лицензиялау ережесін бекіту туралы 2004 жылғы 27 желтоқсандағы № 373 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2006 жылғы 27 мамырдағы № 116 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4274 тіркелген).