Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық
ресурстар министрлігі
ұйым стандарты магистралді газ желелірінде тасымалданылатын газ жылыстауын айқындау бойынша ұсыныстар ММ СТ
153-39-004-2005
Астана
Мазмұны
1 Қолданылу саласы
2. Қабылданған қысқартулар
3. Газ жылыстауының себептері мен салдарлары
4. Газ жылыстауын анықтау әдістері
4.1. Газ жылыстауын анықтаудың белсенді және баяу әдістері
4.2. Көзбен шолып бақылау
4.3. Акустикалық әдіс
4.4. Әуеден шолу әдісі
4.5. Аспаппен анықтау әдісі
4.6. Жаппай газ шығынының секірісі бойынша талдау әдісі
4.7. Газ шығыны мен қысымын үздіксіз автоматты өлшеудің талдамалы әдіс
4.8. Соқпа толқындарды тіркеу әдісі
А қосымшасы Библиография
ҰЙЫМ СТАНДАРТЫ
МАГИСТРАЛДІ ГАЗ ЖЕЛЕЛІРІНДЕ
ТАСЫМАЛДАНЫЛАТЫН ГАЗ ЖЫЛЫСТАУЫН
АЙҚЫНДАУ БОЙЫНША ҰСЫНЫСТАР
1. Қолданылу саласы
1.1 Осы стандартта пайдаланылдатын магистралді газ құбырларында тасымалданатын газдың жылыстауын анықтау жөніндегі ұсыныстар келтірілген.
2. Қабылданған қысқартулар
Осы стандартта мынадай қысқартулар қабылданған:
ЭХҚ | - | Электр-химиялық қорған |
ЖАТ | - | Жылыстауды автоматты тіркеуші |
ЖТТА | - | Жылыстауларды табу мен тіркеу аппараты |
3. Газ жылыстауының себептері және олардың салдарлары
3.1 Магистралді газ құбырларында газ жылыстауы [1]-ге сәйкес шағынға (газдың атаулы шығысының 3-5 %-нан аспайтын), орташаға (10 %-ға дейін) және көлемдіге (10 %-дан жоғары) бөлінеді.
3.2 Магистралді газ құбырларында газ жылыстауының себептері алуан түрлі болуы мүмкін:
- құбыр материиаланың қоршаға орта әсерімен тот басып бүлінуі, оның өзі шағын жылыстаулар туғызады немесе қаяу түсіреді;
- құбыр металында зауытта жасалған немесе құрылыс кезінде бар болған, газ құбырын сынау кезінде анықталмаған зақымдар. Шағын жарықшалар түріндегі ондай зақымдар газ құбырындағы қысымның ішкі және сыртқы күштерінің әсерімен біртіндеп ұлғая түсуі және қаяулардың пайда болуына немесе жарылуға әкеліп соғуы мүмкін;