Қарасай ауданындағы Қаскелең қаласының әкімшілік шекарасына жерлерді өткізіп беру туралы
Алматы облыстық мәслихатының 2007 жылғы 27 сәуірдегі № 38-289 шешімі және
Алматы облысы әкімдігінің 2007 жылғы 27 сәуірдегі № 82 қаулысы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 108 бабына сәйкес, сондай-ақ тапсырылған материалдарды қарап, Алматы облысының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАЙДЫ және Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жоспарлық-картографиялық материалдарға және 1, 2 қосымшаларға сәйкес, жалпы көлемі 1150,0 га жер учаскелері, Қарасай ауданындағы Қаскелең қаласының әкімшілік шекарасына өткізіп берілсін.
2. Алматы облысының жер қатынастары басқармасы қолданыстағы заңнамаға сәйкес жер-есепке алу құжаттамасына өзгерістер енгізсін.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алматы облыстық мәслихаты сессиясының төрағасы Алматы облыстық мәслихатының хатшысы | |
«Қарасай ауданындағы Қаскелең
қаласының әкімшілік шекарасына
жерді өткізіп беру туралы»
Алматы облысы әкімдігінің
2007 жылғы 27 сәуірдегі
№ 82 қаулысына
және Алматы облыстық маслихатының
2007 жылғы 27 сәуірдегі
№ 38-289 шешіміне
1 қосымша
Алматы облысы Қаскелең қаласының әкімшілік шекарасындағы жер учаскелерінің экспликациясы
га |
№ | Аталуы | Жерлердің жалпыкө- лемі | оның ішінде |
егіс- тік | оның ішінде суармалы | көп жылдық екпелер | шабын-дық- тар | жай- ылымдар | ауыл шаруашылық алқаптар жиынтығы | бо- сал- қы жер- лер |
1 | Қаскелең каласының әкімшілік шекарасында болған жерлер | 1937 | 280 | 263 | 217 | 50 | 802 | 1349 | 588 |
2 | Қаскелең каласының әкімшілік шекарасында берілетін жерлер | 1150 | 524 | 504 | 152 | 78 | 330 | 1084 | 66 |
3 | Қаскелең каласының әкімшілік шекарасында болатын жерлер | 3087 | 804 | 767 | 369 | 128 | 1132 | 2433 | 654 |