Введите номер документа
Прайс-лист

«Жоғары медициналық білім беру ұйымдарының клиникалық базалары туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2007 жылғы 11 мамырдағы № 302 Бұйрығы (күші жойылды)

Информация о документе
Датапятница, 11 мая 2007
Статус
Утратил силу
утратил силу с 17 января 2012

Жоғары медициналық білім беру ұйымдарының клиникалық базалары туралы ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2007 жылғы 11 мамырдағы № 302 Бұйрығы

 

ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 876 бұйрығымен; ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 12 желтоқсандағы № 890 бұйрығымен күші жойылды

 

«Қазақстан Республикасында медициналық және фармацевтикалық білім беру ісін реформалау тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 24 сәуірдегі № 317 қаулысын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Жоғары медициналық білім беру ұйымдарының клиникалық базалары туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) бекітілсін.

2. Жоғары медициналық білім беру ұйымдарының ректорлары, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының денсаулық сақтау департаменттерінің директорлары (келісім бойынша) қоса беріліп отырған Ережеге сәйкес халыққа медициналық көмек көрсету, медицина кадрларын даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі жұмыстарды жүзеге асырсын.

3. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1936 тіркелген (Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2002 ж., № 36, 690-құжат) «Жоғары медициналық білім беру ұйымдарының клиникалық базалары туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2002 жылғы 5 шілдедегі № 650 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.

4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Білім, ғылым және кадр ресурстары департаменті (Хамзина Н.Қ.) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

5. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету департаменті (Мұхамеджанов Ж.М.) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауға жіберсін.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом