“Қазақстан Республикасы Президентін, Парламентінің депутаттарын сайлауға әзірлік
және өткізуге байланысты құжаттарды сақтаудың, мұрағатқа
тапсырудың және жоюдың Ережесі туралы” Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының 1999 жылғы 2 қазан № 33/250 қаулысы
(2005.08.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2007 ж. 27 маусымдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Орталық сайлау комиссиясының 2005.08.09. № 13/31 Қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы, Конституциялық заңының 12 бабының 6) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 30 маусымдағы № 562 қаулысымен бекітілген бiрлестiктерде, кәсiпорындарда, мекемелер мен ұжымдарда, Қазақстан Республикасының барлық ұйымдық-құқықтық нысандарында
құжаттамалармен құжаттаудың және басқарудың Негізгi ережелерiне сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы қаулы етеді:
ҚР Орталық сайлау комиссиясының 2005.08.09. № 13/31 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасы Президентін, Парламентiнiң депутаттарын сайлауға әзiрлiк пен өткізуге байланысты құжаттарды сақтаудың, мүрағаттарға тапсырудың және жоюдың ұсынылған Ережесi бекітілсiн.
2. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының "Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаттарын сайлау жөнiндегі құжаттарды сақтаудың тәртібі туралы" 1995 жылғы 9 қазандағы № 12 қаулысының Орталық сайлау комиссиясының 1996 жылғы 16 мамырдағы № 54 Қаулысымен енгізiлген өзгерiстерiмен, Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде 1997 жылғы 6 мамырда тiркелген, тiркелу № 299 , күшi жойылды деп танылсын.