Введите номер документа
Прайс-лист

«№ 1 ұлттық қаржылық есептілік стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 21 маусымдағы № 218 Бұйрығы (күші жойылды)

Информация о документе
Датачетверг, 21 июня 2007
Статус
Утратил силу
утратил силу с 21 февраля 2013

№ 1 ұлттық қаржылық есептілік стандартын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 21 маусымдағы № 218 Бұйрығы

 

ҚР Қаржы министрінің 2013 жылғы 31 қаңтардағы № 50 бұйрығымен күші жойылды

 

«Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 5-тармағының 4) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған № 1 ұлттық қаржылық есептілік стандарты бекітілсін.

2. Мемлекеттік активтерді басқару әдіснамасы департаменті (Ж.Н. Айтжанова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және заңнамада белгіленген тәртіппен кейіннен жариялануын қамтамасыз етсін.

3. «23 «Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің есебі және есептілігі» бухгалтерлік есептің стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2004 жылғы 20 ақпандағы № 84 бұйрығының (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылғы 20 наурызда № 2754 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

4 Осы бұйрық 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Министр

Н. Коржова

 

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің

2007 жылғы 21 маусымдағы

№ 218 бұйрығымен

бекітілген

 

Ұлттық қаржылық есептіліктің № 1 стандарты

 

1-бөлім. Жалпы ережелер

 

§ 1. Қолдану мақсаты және саласы

 

1. Осы Ұлттық қаржылық есептіліктің № 1 стандарты (бұдан әрі - Стандарт) «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы № 124 Заңына сәйкес анықталатын, Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес, сондай-ақ жеңілдетілген декларацияның негізінде шаруа немесе фермерлік қожалықтарға, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіретін заңды тұлғаларға арналған арнайы салық режимдерін қолданатын шағын кәсіпкерлік субъектілерінің (бұдан әрі - субъект) бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау тәртібін анықтау мақсатында «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом