Введите номер документа
Прайс-лист

Нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдар бойынша қосылған құн салығын қайтару ережесін бекіту және «Салық есептілігін жасау ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының 2006 жылғы 13 желтоқсандағы № 637 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің 2007 жылғы 26 маусымдағы № 428 бұйрығы (күші жойылды)

Информация о документе
Датавторник, 26 июня 2007
Статус
Утратил силу
утратил силу с 11 апреля 2009

Нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдар бойынша қосылған құн салығын қайтару ережесін бекіту және
 «Салық есептілігін жасау ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің
Салық комитеті Төрағасының 2006 жылғы 13 желтоқсандағы № 637 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің 2007 жылғы 26 маусымдағы № 428 бұйрығы

 

ҚР Қаржы министрінің 2009 жылғы 25 наурыздағы № 123 Бұйрығымен күші жойылды

 

 «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдар бойынша қосылған құн салығын қайтару ережесі бекітілсін.

2. «Салық есептілігін жасау ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының 2006 жылғы 13 желтоқсандағы № 637  бұйрығына (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4498 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдар бойынша қосылған құн салығын бюджеттен қайтару туралы өтінішті жасау ережелері (302.00-нысан) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Салық тексеруі актісімен расталған қосылған құн салығын қайтару туралы өтінішті жасау ережелері (332.00-нысан) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

3. «Қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомаларының дұрыстығын растау үшін қосылған құн салығын төлеушінің жеткізушілеріне қарсы тексерулер тағайындау ережесін бекіту туралы« Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының 2005 жылғы 29 маусымдағы № 288 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3745 болып тіркелген, «Заң» газетінде 2006 жылғы 17 ақпанда № 28-29 (835) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом