Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)

Информация о документе
Датапонедельник, 1 января 0001
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпонедельник, 1 января 0001

Осы редакция 2007 ж. 26 маусымдағы енгізілген өзгерістеріне  дейін қолданылды

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрлігінің

Салық комитеті Төрағасының

2006 жылғы 13 желтоқсандағы

№ 637 бұйрығымен бекітілген

 

Нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдар бойынша
қосылған құн салығын бюджеттен қайтару туралы өтінішті жасау
ережелері
(302.00 нысан)
 
1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Ережелер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және қосылған құн салығын дұрыс есептеу мен уақтылы қайтаруға арналған Нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдар негізіндегі қосылған құн салығын бюджеттен қайтару туралы өтінішті (302.00 нысан) (бұдан әрі - Өтініш) жасау тәртібін айқындайды.

2. Өтініш қағаз тасығышта жасалады және қалам немесе қаламұшпен, қара немесе көк сиямен, баспа әріптермен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады.

3. Өтінішті толтыру кезінде түзетуге, өшіруге, тазалауға жол берілмейді.

4. Көрсеткіштер болмаған кезде Өтініштің тиісті торкөздері толтырылмайды.

5. Өтінішті қағаз тасығышта келу тәртібінде екі данада жасалады, бір данасы салық органының белгісімен салық органына қайтарылады.

 

 

2. Өтінішті жасау

 

6. «Қосылған құн салығын төлеуші туралы жалпы ақпарат» бөлімінде салық төлеуші мынадай деректер көрсетеді:

1) салық төлеушінің тіркеу нөмірін;

2) құрылтай құжаттарына сәйкес қосылған құн салығын төлеушінің аты-жөні немесе толық атауын;

3) өзіне қою сериясын, нөмірін және күнін кіргізетін, қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы куәліктің деректерін;

4) қайтару себебін - тиісті торкөзде белгі жүргізіледі;

5) салық кезеңдері, оларға байланысты қосылған құн салығы қайтаруға жататын нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдар жасалған салық кезеңін;

6) өзіне бенефициар банктің атауын, бенефициар банктің тіркеу нөмірін, банктік сәйкестендiру кодын (БСК) және жеке сәйкестендіру кодын (ЖСК) кіргізетін банктік деректемелерді;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом