Введите номер документа
Прайс-лист

«Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың жіберетін және алатын хат-хабарына цензура жүргізу ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесінің комитеті төрағасының 2007 жылғы 26 маусымдағы № 66-ОД ДСП Бұйрығы

Информация о документе
Датавторник, 26 июня 2007
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего изменениявторник, 26 июня 2007

Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың жіберетін және алатын хат-хабарына цензура жүргізу ережелерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесінің комитеті төрағасының 2007 жылғы 26 маусымдағы № 66-ОД ДСП Бұйрығы

 

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 86-бабы 2-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қарашадағы № 1120 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (бұдан әрі - ҚАЖ комитеті) туралы ереженің 4-тармағын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:

1. Тіркелген бас бостандығынан айыруға сотталғандардың жіберетін және алатын хат-хабарына цензура жүргізу ережелері бекітілсін.

2. Осы бұйрықтың орындалуына бақылауды жүргізу міндеті ҚАЖ комитеті төрағасының орынбасары әділет полковнигі Н.А.Исақовқа жүктелсін.

3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткізілгеннен кейін қолданысқа енгізілсін.

 

Төраға

 

 

Қызметте пайдалану үшін

№ 3 дана ҚАЖ комитетінің

2007 жылғы 26 маусымдағы

№ 66-ДО ДСП бұйрығымен

Бекітілген

 

Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың жіберетін және алатын

хат-хабарына цензура жүргізу ережелері

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 86-бабы 1-тармағына сәйкес сотталғандарға хаттар мен жеделхаттарды санына шек қоймай өз есебінен алуға және жіберуге рұқсат етіледі.

2. Туыстар болып табылмайтын, бас бостандығынан айыру орындарында ұсталушы сотталғандардың арасында хат алысуға түзеу мекемесі (бұдан әрі - ТМ) әкімшілігінің рұқсатымен жол беріледі.

3. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 86-бабы 2-тармағына сәйкес бас бостандығынан айыруға сотталғандардың хат-хабарын цензура тексереді.

4. ТМ-де жазасын өтеп жүрген адамдардың хат-хабары сотталғандардың хаттарын тексеретін инспектормен қаралады.

Түрмелер мен тергеу изоляторларында (бұдан әрі - ТИ) шаруашылық қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарды орындау үшін қалдырылған сотталғандарға қатысты бұл функцияларды жедел бөлім инспекторы (бұдан әрі - инспектор), ал штатта бұндай лауазым болмаған жағдайда - жедел қызметтің мекеме бастығының бұйрығымен тағайындалған қызметкерлері арасындағы бір қызметкер атқарады. Аталған қызметкерлер өздерінің көрсетілген міндеттерін жедел бөлім бастығының тікелей басқаруымен атқарады. Қоныс колонияларында сотталғандардың хат-хабарын қарауды жедел бөлімдердің инспекторлық құрамы жүзеге асырады.

5. Сотталғандардың мемлекеттік органдар, қоғамдық ұйымдар және лауазым иелеріне бағыттаған шағымдар, арыздар және хаттары ТМ және ТИ әкімшілігімен қаралады және Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне сәйкес реттілік бойынша жолданады.

Бас бостандығынан айыруға, өлім жазасына кесілген сотталғандардың жазаны орындайтын мекемелер мен органдардың жұмысына бақылау жасау және қадағалауды жүзеге асыратын органдарға бағытталған ұсыныстары, арыздары мен шағымдарына цензура жүргізілмейді және олар бір тәулік ішінде реттілік бойынша жолданады (демалыс және мейрам күндері саналмайды).

6. Инспектор жұмыс істеу үшін ТМ-де тұрғын аймағынан тыс жерде бөлек бөлме, ал тұрғын аймағында сотталғандарды қабылдау үшін жедел бөлімінің бөлмесімен ұштасатын бөлме жабдықталады. Сотталғандардың хат-хабарын қарауға қызметтік қатысы жоқ адамдардың инспектордың бөлмесіне кіруге тыйым салынады.

7. Хат-хабарды қарайтын қызметкерлер жұмысқа қажетті құрал-жабдықтар және заттармен қамтамасыз етілуге тиіс.

8. Сотталғандардың хат-хабары ТМ-не интенданттық қамсыздандыру бөлімінің экспедиторымен жеткізіледі.

Тәрбие колонияларын, түрме және ТИ-де бұл функцияларды ТМ немесе ТИ бастығының бұйрығымен тағайындалған адам атқарады.

9. ТМ немесе ТИ бастықтары сотталғандардың хат-хабарын жеткізу мен жолдауға жауапты қызметкерді көлікпен қамтамасыз етуге тиіс.

 

2.Пошта бөлімшелерінен хат-хабарды алу, оның

адресаттарға тапсыру, сонымен қатар, сотталғандардан хат-хабарды қабылдау және оны жіберу

 

10. Сотталғандардың атына келіп түскен хаттар үш тәуліктен аспайтын уақытта қаралып, өздеріне тапсырылуға тиіс. Туыстарының қайтыс болғандығы туралы және сотталғандардың жеке мүдделеріне қатысты басқа да жедел хабарламалар тез арада тапсырылады.

11. Түзеу колонияларында жай хаттар сотталғандарға әдеттегідей отрядтар бастықтарымен, тәрбие колонияларында тәрбиешілермен, ал тапсырысты және бағалы жөнелтілімдер инспектормен және тәрбиешімен журналға қол қойдыру арқылы тапсырылады. Түрме және ТИ-де шаруашылық қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарды орындау үшін қалдырылған сотталғандарға хаттарды жедел бөлім инспекторы немесе тәрбие жұмысы жөніндегі нұсқаушы тапсырады.

12. Сотталған қашып кеткен жағдайда оның атына келіп түскен барлық хат-хабар ТМ немесе ТИ-дің жедел бөліміне жолданады.

13. Түзеу колонияларында жазасын өтеп жүрген сотталғандар, сонымен қатар түрме және ТИ-да шаруашылық қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарды орындау үшін қалдырылған сотталғандар ТМ-не бақылау жасау және қадағалауды жүзеге асыратын органдарға жолданатын хаттардан басқа хаттарын желімделмеген күйде «Хаттар үшін» деген жазуы бар арнайы жәшіктерге салады. «Хаттар үшін» атты жәшіктер тұрғын аймақтарда қол жетімділік жерде орналастырылады, оларды инспектор құлыптайды және мастикалық мөрмен бекітеді. Инспектор жәшіктен хат-хабарды, демалыс және мейрам күндерден басқа күндердің барлығында алады.

Жазасын түрмеде өтеп жүрген сотталғандар шығыс хат-хабарын ашық түрде корпус бастығына, ол оны өз кезегінде хат-хабарды қарайтын қызметкерге тапсырады.

14. Босатылған немесе қайтыс болған сотталғандардың атына келіп түскен хат-хабар үш күн ішінде «Адресат кеткен, жіберушіге қайтарылуға тиіс» жазуымен және инспектордың қолтаңбасымен оны жіберген адамға жолдау үшін пошта бөлімшесіне тапсырылады. Тапсырысты және бағалы хаттар, сонымен қатар, ақшалай аударылымдар жөнінде хабарламалар оларды жіберген адамдарға кері жолданғанда журналда тіркеледі.

15. Басқа мекемеге айдауылданған сотталғанның атына ТМ-не немесе ТИ-не келіп түскен хат-хабарға жаңа мекенжай жазылып, тиісті мекенжайға жолдау үшін пошта бөліміне тапсырылады.

Хат алмасу ережелері үлкен шрифтімен басылып, тұрғын секцияларында ілінуге тиіс.

 

3. Сотталғандардың шет елдерде тұратын азаматтармен,

сонымен қатар, шет елдердің мекемелері және

ұйымдарымен хат алмасу тәртібі

 

16. Шетелдік сотталғандар, шет елдерде тұратын адамдармен хат алмасудан басқа, өздерінің хат-хабарын Қазақстан Республикасында тіркелген дипломатиялық өкілдіктеріне жолдай алады.

17. Сотталғандардың шет елдерге немесе Қазақстан Республикасында тіркелген дипломатиялық өкілдіктеріне жолдаған хат-хабарды инспектор жабыстырылмаған күйде қабылдайды.

18. Шет елдерге, сонымен қатар дипломатиялық өкілдіктерге бағытталған хат-хабар қаралып болғаннан кейін конверттерге салынып желімделеді де көрсетілген мекен-жайға жергілікті пошта бөлімшесі арқылы жолданады.

19. Шет тілдерде жазылған хат-хабарды аудару үшін аудармашылар, қылмыстық-атқару жүйесінің және ішкі әскерлердің шет тілдерді меңгерген қызметкерлері мен әскери қызметшілері шақырыла алады.

 

4. Хат-хабарды қарау, тәркілеу жәнеішіндегі салымдарды алып қою тәртібі

 

20. Кіріс хат-хабар қарау үшін конверт ішіндегі салымдарды және адрес туралы жазуларды зақымдамайтындай етіп жіңішке жиегін қырқу арқылы ашылады. Шығыс хат-хабар қарауға жабыстырылмаған күйде қабылданады.

21. Конверттер, сонымен қатар, олардың ішіндегі салымдар, құпия жазбалар және хат алмасудың шартты әдістерін табу мақсатында мұқият қаралады.

Хат-хабарды қарағанда келесілерге ерекше көңіл бөлу қажет:

1) мәтіндегі белгілер (тесік, астын сызу, әріптердің, сөздердің үстеріндегі нүктелер);

2) хаттардағы мөрлер, маркалар, түрлі жапсырмалар, конверттің ішінде және төселімінде мәтін болу мүмкіндігі;

3) код ретінде пайдаланыла алатын науқасты адамның температурасы, метеорологиялық байқаулар, геометриялық фигуралар, сызбалар жөнінде сандар, графиктер;

4) шартты белгілер және бейнелер бола алатын түрлі суреттер мен мәтінге қосымшалар;

5) ашық хаттар, фотосуреттер, себебі олар бір-бірімен желімделсе, арасында түрлі салымдар болуы мүмкін;

6) шрифтісі бұзылғандай, кейбір әріптері жоқ немесе қатардан шыққан (жоғары, төмен) әріптері бар басу машинасында басылған мәтін;

7) мәтіндегі Морзе әліппесі бойынша нүкте не тире білдіре алатын сөздердің ара қашықтығы;

8) мәтіндегі кейбір сөздердің ерекше орналасуы, себебі ол тесіктері бар шаблон арқылы басқа мағынада шешілуі мүмкін;

9) мәтінде құпия жазбалардың болу күдігін тудыра алатын басқа да ерекшеліктер.

22. Келесі кіріс және шығыс хат-хабар тәркіленуге тиіс:

1) шифрленген, кодталған және мағынасы күдікті хаттар;

2) мәтінінде мемлекеттік құпияны құрайтын, сонымен қатар дайындалып жатқан немесе жасалған қылмыс, ТМ және оның құрылымдық бөлімшелерінің орналасуы, сотталғандардың саны мен құрамы, ТМ-нің күзет қызметінің ұйымдастырылуы, құрылыстар мен кәсіпорындардың және олардың жұмыс көлемі, эпидемиялар және жаппай аурулар, ТМ-дегі басқа оқиғалар жөнінде және жариялауға жатпайтын мәліметтері бар хаттар;

3) жасырын хат алмасу және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2001 жылғы № 148 бұйрығына № 1 қосымшаға сәйкес Бас бостандығынан айыруға сотталғандармен пайдалануға және оларға сатуға тыйым салынған заттар, бұйымдар, құжаттар және азық-түлік тізбесінде (мемлекеттік тіркеу реестрінде 2001 жылғы 29 желтоқсанда № 1720 санымен тіркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқару және басқа да мемлекеттік органдардың құқықтық нормативтік актілер бюллетенінде жарияланған, 2002 жыл, № 7-8, 542-бап) көрсетілген тыйым салынған заттарды салып жіберудің тәсілдері көрсетілген хаттар;

4) конституцияға қарсы пікірлер айту және ішкі және халықаралық өмірді теріс көрсететін мәліметтері бар хаттар;

5) порнографиялық және басқа да былапыт суреттер мен репродукциялар бар хаттар;

6) жағрафиялық карталары бар хаттар;

7) таратылуына тыйым салынған әдебиет бар хат-хабар;

23. Хат-хабарды тәркілеу жөнінде екі данада акт түзіледі, оған инспектор, жедел қызметкер қолдарын қояды, ТМ, ТИ бастықтары немесе олардың міндеттерін атқаратын адамдармен бекітіледі.

Хат-хабардың тәркіленгені жөнінде сотталғандар хабардар етілуге тиіс.

24. Тәркіленген хат-хабар актінің бірінші данасымен бірге жедел бөлімге тапсырылады, ол мұқият зерделенеді және жедел қызметкерлердің пікіріне сәйкес жедел құжаттарға тіркеледі немесе жойылады, бұл жөнінде тәркілеу актісінің екі данасында да белгі қойылады.

Хат-хабарды тәркілеу жөнінде актілердің екінші даналары хронологиялық тәртіппен инспектордың істеріне тігіледі де екі жыл бойынша сақталады.

25. Қатаң, ерекше режимдегі түзеу колониялары және түрмелерде әр сотталғанға есеп-адресаттық карточка арналады.

Жалпы режимдегі түзеу колонияларында карточкаларды инспектор жедел қызметкердің нұсқауына сәйкес нақты сотталғанға қатысты арнайды.

Тәрбие колонияларында есеп-адресаттық карточкалар қашу және басқа да қылмыстар жасауға бейім сотталғандарға қатысты карточкаларды режим және күзет қызметінің инспекторы арнайды.

26. Сотталғандардың кіріс хат-хабарынан алынған және олардың атына пошталық немесе телеграфтық аударымдар арқылы түскен ақшалар адресаттардың жеке шотына кіріске алынады.

27. Сотталғандардың хат-хабарынан алынған облигациялар және басқа да құнды қағаздар оны салып жіберген адамға қайтарылады, ал жіберілген мекен-жайы белгісіз болған жағдайда акт түзіледі, ал құндылықтар акті бойынша ТМ-нің бухгалтериясына сотталған жазасын өтеп болғанға дейін сақтау үшін тапсырылады (актіде құнды қағаздың құны, шығарылу мерзімі, сериясы мен нөмірі, разряды көрсетіледі).

Актіні инспектор үш данада түзеді, оның біреуі құндылықтармен бірге бухгалтерияға тапсырылады, екіншісі сотталғанға беріледі, ал үшіншісі инспектордың ісіне тігіледі.

28. Сотталғандардың хат-хабарынан табылған құжаттар сотталғанның жеке ісіне тіркеу үшін ТМ-нің арнайы бөлімдеріне тапсырылады.

29. Шығыс хат-хабарды жолдағанда инспектор әр хаттың конвертінде мөртабан арқылы ТМ немесе ТИ-дің пошталық мекен-жайын көрсетуге тиіс, бұл осы хаттың цензурадан өткендігін білдіреді.

Хаттың конвертіне басылған мөртабан инспектордың тексерілген хат-хабар үшін жеке жауапкершілігін анықтайды. Хат-хабарға қандай да болмасын түрлі белгілер қою, астын сызу, тесуге тыйым салынады.

 

 

 

 

 

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами