Кастодианның есеп беру ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы
Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі
агенттігі басқармасының 2004 жылғы 12 маусымдағы № 155 қаулысы
(2005.26.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2007 жылғы 25 маусымдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 52-бабына, 3-бабы 2-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, бағалы қағаздар рыногы қызмет етуінің айқындық дәрежесі мен тиімділігін көтеру мақсатында Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің Басқармасы қаулы етеді:
1. Кастодианның есеп беру ережесі бекітілсін.
2. Стратегия және талдау департаменті (Еденбаев Е.С.):
1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне және кастодиандарға жіберсін.
3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.
4. Агенттіктің қызметін қамтамасыз ету департаменті (Несіпбаев Р.Р) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л. Бахмутоваға жүктелсін.
Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен қадағалау
жөніндегі агенттігі Басқармасының
"Кастодианның есеп беру ережесін
бекіту туралы"
2004 жылғы 12 маусымдағы
№ 155 қаулысымен бекітілді
Кастодианның есеп беру
Ережесі
Осы Ереже қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалауды жүзеге асырушы уәкілетті органда (бұдан әрі уәкілетті орган) кастодианның есеп беру тәртібі мен нысанын белгілейді.