Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2004 Ж. 21 ШІЛДЕДЕГІ № 779 ҚАУЛЫСЫ

Информация о документе
Датапонедельник, 1 января 0001
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпонедельник, 1 января 0001

Бюджеттік бағдарламалардың тиiмділігін бағалауды жүргiзу epeжeciн бекіту
туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 шілдедегі
№ 779 қаулысы

 

Осы редакция 2007 жылғы 20 тамыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған Бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін бағалауды жүргізу ережесі бекітілсін.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

 

 

 

Д. Ахметов

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң

2004 жылғы 21 шілдедегі № 779 қаулысымен

Бекiтiлген

 

Бюджеттік бағдарламалардың тиiмділігін бағалауды жүргiзу epeжeci

1. Жалпы ережелер

1. Осы Бюджеттік бағдарламалардың тиiмдiлiгiн бағалауды жүргізу ережесi (бұдан әрi - Ереже) бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау, атқару және олардың атқарылуын iшкi бақылау процесiнде олардың тиiмдiлiгiн бағалауды жүргiзу тәртібін және көрсеткiштерiнiң жүйесiн айқындайды.

2. Бюджеттік бағдарламалардың тиімдiлігін бағалауды бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерi, бюджеттi жоспарлау, бюджеттi атқару және бюджеттiң атқарылуын iшкi бақылау жөніндегі уәкiлеттi органдар жүзеге асырады.

3. Бюджеттік бағдарламалардың тиiмдiлігін бағалау iске асырылатын бағдарламалардың түпкi мақсатына қол жеткiзу дәрежесiн айқындау үшiн шығыстардың тиiмдiлiк, уақтылылық, сапа, нәтижелiлiк өлшемдерi қолданыла отырып жүргiзiледi.

Тиiмділік өлшемi - бұл мемлекет ұсынған қызметтер (орындалған жұмыстар) бiрлiгiне болған шығыстардың көлемiн сипаттайтын сандық көрсеткiш.

Уақтылылық өлшемi - iс-шараларды (тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулердi сатып алу) орындаудың белгiленген мерзiмдерiн ескере отырып, бюджеттік бағдарламалардың iске асырылуын сипаттайтын көрсеткiш.

Сапа өлшемi - мемлекеттік қызмет көрсетулердi алушылардың қажеттiлiктерiн қанағаттандыру деңгейiн (сапасын) сипаттайтын көрсеткiш.

Нәтижелiлiк өлшемi - бюджеттік бағдарламалардың мақсатына қол жеткiзу деңгейiнiң (дәрежесiнiң) көрсеткiшi.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом