Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Апаттар медицинасы орталығы» мемлекеттік мекемесін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қарамағынан Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің қарамағына беру және қайта атау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 17 тамыздағы № 704 Қаулысы (2014.23.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

Информация о документе
Датапятница, 17 августа 2007
Статус
Действующийвведен в действие с 17 августа 2007
Дата последнего изменениявторник, 30 сентября 2014

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Апаттар медицинасы орталығы» мемлекеттік мекемесін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қарамағынан Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің қарамағына беру және қайта атау туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 17 тамыздағы № 704 Қаулысы

(2014.23.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Казақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Апаттар медицинасы орталығы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қарамағынан Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің қарамағына берілсін.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Апаттар медицинасы орталығы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің «Апаттар медицинасы орталығы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әpi - мекеме) болып қайта аталсын.

3. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мекеменің жарғысына тиісті өзгерістер енгізсін және оның әділет органдарында мемлекеттік қайта тіркелуін қамтамасыз етсін.

4. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

5. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2007 жылғы 17 тамыздағы

№ 704 қаулысымен

бекітілген

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне

енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

 

1. ҚР Үкіметінің 2014.15.08. № 938 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

2. ҚР Үкіметінің 2014.23.09. № 1005 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

3. ҚР Үкіметінің 2009.26.01. № 45 Қаулысымен күші жойылды (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

5. «2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 желтоқсандағы № 1204 қаулысында:

көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:

ІІ «Шығындар» бөлімінде:

02 «Қорғаныс» функционалдық тобында:

«163280004» деген сандар «163426009» деген сандармен ауыстырылсын;

02 «Төтенше жағдайлар жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру» ішкі функциясында:

«25206689» деген сандар «25352694» деген сандармен ауыстырылсын;

202 «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі» әкімшісі бойынша:

«25206689» деген сандар «25352694» деген сандармен ауыстырылсын;

002 «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюды ұйымдастыру» бағдарламасы бойынша:

«17498558» деген сандар «17644563» деген сандармен ауыстырылсын, 109 «Апаттар медицинасы орталығы 146 005» кіші бағдарламасымен толықтырылсын;

05 «Денсаулық сақтау» функционалдық тобында:

«104902753» деген сандар «104756748» деген сандармен ауыстырылсын;

03 «Мамандандырылған медициналық көмек» ішкі функциясында:

«38229847» деген сандар «38083842» деген сандармен ауыстырылсын;

226 «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі» әкімшісі бойынша:

«38229847» деген сандар «38083842» деген сандармен ауыстырылсын;

010 «Жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету» бағдарламасы бойынша «9349500» деген сандар «9203495» деген сандармен ауыстырылсын.

6. «2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 1220 қаулысында:

көрсетілген қаулыға 34-қосымшада:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Құны: 17644563 мың теңге (он жеті миллиард алты жүз қырық төрт миллион бес жүз алпыс үш мың теңге)»;

«Бюджеттік бағдарламаны icкe асыру жөніндегі ic-шаралар жоспары» деген 6-тармақтың кестесі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 11-жолмен толықтырылсын:

 

«1

  

109

Апаттар

медицинасы

орталығы

 

Табиғи және техногендік

сипаттағы төтенше

жағдайлар кезінде

медициналық көмек

көрсету. Қазақстан

Республикасы Денсаулық

сақтау министрінің

бұйрығымен бекітілетін

Тізбеге сәйкес

медициналық (емдік

және диагностикалық),

зертханалық жабдықтар,

медициналық емес

жабдықтар,

мамандандырылған

автокөлік сатып алу.

Жыл

бойы

Қазақстан

Республикасы

Төтенше

жағдайлар

министрлігі»;

 

көрсетілген қаулыға 300-қосымшада:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Құны: 9203495 мың теңге (тоғыз миллиард екі жүз үш миллион төрт жүз тоқсан бес мың теңге)»;

«Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі ic-шаралар жоспары» деген 6-тармақтың кестесінде:

5-бағанда «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде медициналық көмек көрсету. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен бекітілген Тізбеге сәйкес медициналық (емдік және диагностикалық), зертханалық жабдықтар, медициналық емес жабдықтар, мамандандырылған автокөлік сатып алу» деген сөздер алынып тасталсын;

7-бағандағы «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Апаттар медицинасы орталығына» деген сөздер алынып тасталсын.

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом