"Табиғи монополиялар субъектілерін қайта ұйымдастыруға және таратуға
келісім беру туралы өтініштерді ұсыну және қарау ережесін бекіту туралы"
Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті
қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 24 ақпандағы № 49-НҚ бұйрығы
(2005.29.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2007 жылғы 2 тамыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2005.29.09. № 283-НҚ Бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
«Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-1-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 15 қарашадағы № 1713 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөніндегі агенттігі туралы ереженiң 4 тармағына сәйкес, бұйырамын:
ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2005.29.09. № 283-НҚ Бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Қоса беріліп отырған Табиғи монополиялар субъектілерін қайта ұйымдастыруға және таратуға келісім беру туралы өтініштерді ұсыну және қарау ережесі бекітілсiн.
2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөніндегі агенттiгiнiң Әкiмшiлiк жұмысы департаменті (А.Т. Шабдарбаев) осы бұйрық мемлекеттік тiркеуден өткеннен кейiн:
1) оны ресми бұқаралық ақпарат құралдарында заңнамада белгiленген тәртiппен жариялауды қамтамасыз етсiн;
2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөніндегі агенттiгiнiң орталық аппараты мен аумақтық органдарының құрылымдық бөлiмшелерi назарына жеткiзсiн.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары А.К.Әміринге жүктелсін.
4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Табиғи монополияларды