Введите номер документа
Прайс-лист

«Жасы он сегізге толмаған қызметкерлердің еңбегін пайдалануға тыйым салынатын жұмыстардың тізімін, жасы он сегізге толмаған қызметкерлер тасымалдайтын және қозғайтын ауырлықтың шекті нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2007 жылғы 31 шілдедегі № 185-ө Бұйрығы (күші жойылды)

Информация о документе
Датавторник, 31 июля 2007
Статус
Утратил силу
утратил силу с 30 января 2012

Жасы он сегізге толмаған қызметкерлердің еңбегін пайдалануға тыйым салынатын жұмыстардың тізімін, жасы он сегізге толмаған қызметкерлер тасымалдайтын және қозғайтын ауырлықтың шекті нормаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2007 жылғы 31 шілдедегі № 185-ө бұйрығы

 

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2011 жылғы 25 қарашадағы № 418-ө бұйрығымен күші жойылды

 

2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 16-бабы 19) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған:

1) Жасы он сегізге толмаған қызметкерлердің еңбегін пайдалануға тыйым салынатын жұмыстардың тізімі;

2) Жасы он сегізге толмаған қызметкерлер тасымалдайтын және қозғайтын ауырлықтың шекті нормалары бекітілсін.

2. «Жасы он сегізге толмаған адамдардың еңбегін қолдануға тыйым салынатын ауыр қол еңбегі жұмыстары мен еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды), қауіпті (ерекше қауіпті) жұмыстардағы өндірістердің, кәсіптердің тізімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушының 2005 жылғы 15 ақпандағы № 45-ө бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3445 тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органдары мен өзге де мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, 2005 ж., қыркүйек, № 18, 150-құжат) күші жойылған деп танылсын.

3. Еңбек және халықты жұмыспен қамту департаменті (Әбденов С.С.) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оны кейіннен мерзімді баспасөзде заңнамада белгіленген тәртіппен жариялануын қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр А.М. Құрмановқа жүктелсін.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом