Ақтау қаласы бойынша жер салығының базалық ставкаларына түзету
коэффиценттері мен салық салу мақсатында аймақтарға бөлу схемасы туралы
Маңғыстау облыстық мәслихатының 2007 жылғы 15 тамыздағы № 26/432 шешімі
(2008.12.02. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Маңғыстау облыстық мәслихатының 2009 жылғы 10 сәуірдегі № 13/163 шешімімен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 8, 11-баптарына және Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 338-бабына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Ақтау қаласы бойынша жер салығының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері мен салық салу мақсатында аймақтарға бөлу схемасы 1,2 қосымшаларға сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Сессия төрағасы | Б. Әбдікәрімов |
| Облыстық мәслихат хатшысының міндетін атқарушы | М. Құдиярова |
Облыстық мәслихаттың 2007 жылғы
15 тамыздағы № 26/432 шешіміне
1-қосымша
Маңғыстау облыстық мәслихаттың 2008.12.02. № 4/61 шешімімен 1-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Ақтау қаласы бойынша жер салығының базалық ставкаларына
түзету коэффициенттері және Ақтау қаласы жерлерінің
аймақтарын сипаттау
| Аймақтар № | Аймаққа кіретін шағынаудандар және басқа да әкімшілік құрылымдар | Салықтық аймақ бойынша орта коэф. |
| I | Теңіз жағалауы, коммерциялық мақсаттарға арналған жер учаскелері | 1,50 |
| II | № № 2, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 26, 27 шағынаудандар | 1,25 |
| III | № 3, 3а, 3б, 22, 23, 24, 25, 28, 28 а, 29 шағынаудандар және жеке тұрғын үй құрылысы үшін жобалаған учаскелер | 1,00 |
| IV | Өнеркәсіптік аймақ | 1,00 |
| V | Өмірзақ селосы, Өмірзақ селосына қарайтын «Энергетик» ББС, Ақтау қаласына қарайтын «Приморский» ББС біріктіреді | 1,00 |