Жазасын өтеуден мерзімінен бұрын-шартты түрде босатылған адамдардың
мінез-құлқын бақылауды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің 2007 жылғы 21 тамыздағы № 340 Бұйрығы
(2010.19.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 622 бұйрығымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық-атқару жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 26 наурыздағы Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Жазасын өтеуден мерзімінен бұрын-шартты түрде босатылған адамдардың мінез-құлқын бақылауды жүзеге асыру ережесі (бұдан әрі - Ереже) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Техникалық қызмет департаменті (М.Б. Тимохович) жазаны өтеуден мерзімінен бұрын-шартты түрде босатылған адамдарды орталықтандырылған есепке алуды қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Тыл департаменті (М.Т. Былқылов) Ереженің қосымшаларына сәйкес құжаттама бланкілерін дайындауды қамтамасыз етсін.
4. Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының ішкі істер департаменттерінің бастықтары осы бұйрық талаптарының орындалуын қамтамасыз етсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер вице-министрі полиция генерал-майоры А.Ж. Шпекбаевқа және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитетіне (Ғ.А. Алпысбаев) жүктелсін.
6. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізуге жіберсін және мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
7. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Келісілген
Қазақстан Республикасының
Бас прокуроры
2007 жылғы 28 тамыз
Келісілген
Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Сотының төрағасы
2007 жылғы 4 қыркүйек
Келісілген
Қазақстан Республикасының
Әділет министрі
2007 жылғы 26 қыркүйек