Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнiң мәселелері Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 1460 қаулысы
(2006.27.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2007 жылғы 11 қазандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгi туралы ереже;
2) Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнiң мемлекеттік мекемелерiнiң тiзбесi;
3) Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесi бекітілсiн.
ҚР Үкіметінің 2006.27.02. № 134 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгi төрағасының үш орынбасары болады деп белгiленсiн.
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
1) "Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесiнде:
реттiк нөмiрi 481-жол алынып тасталсын;
2) "Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттiгiнiң Ақпараттық-баспа орталығы" - "Қазстатақпарат" республикалық мемлекеттік кәсiпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 27 сәуірдегі № 479 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 15, 153-құжат):
3-тармақтың алтыншы абзацы алынып тасталсын.
4. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
| міндетін атқарушы | А. Есімов |
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң
2004 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1460 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Статистика
агенттiгi туралы ереже
Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгi (бұдан әрi Агенттiк) Қазақстан Республикасының Үкiмет құрамына кiрмейтiн орталық атқарушы органы болып табылады.