Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)

Информация о документе
Датапонедельник, 1 января 0001
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпонедельник, 1 января 0001

2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын
бекіту туралы (Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі)
(ҚР Үкіметінің 2006.15.12. № 1220 Қаулысына 1-4-қосымшалар)
(үзінді)

 

Осы редакция 2007 жылғы 6 қазандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Мыналардың:

1, 2, 3, 4-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің 2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсін.

2. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

Д. Ахметов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2006 жылғы 15 желтоқсандағы

№ 1220 қаулысына

1-ҚОСЫМША

 

101 - Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi

 

2007 жылға арналған

«Мемлекет басшысының қызметін қамтамасыз ету»

деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

1. Құны: 1532027 мың теңге (бір миллиард бес жүз отыз екі миллион жиырма жеті мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 11 ақпандағы № 805 Жарлығы; «Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің штат саны мен құрылымы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 31 наурыздағы № 1327 Жарлығы; «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерін қайта даярлау және олардың біліктігін арттыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы № 1457 Жарлығы; «Байқоңыр» кешеніндегі Қазақстан Республикасы Президентінің арнаулы өкілі туралы ережені туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 шілдедегі № 155 Жарлығы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом