Қолданыстағы заңнаманы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бөлігінде
жетілдіру мәселелері жөнінде ведомствоаралық комиссия құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 14 наурыздағы № 193 Қаулысы
(2007.18.04. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2007 жылғы 5 қазандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі заңнаманы жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қосымшаға сәйкес құрамда Қолданыстағы заңнаманы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бөлігінде жетілдіру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған Комиссия туралы ереже бекітілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 14 наурыздағы
№ 193 қаулысына
қосымша
ҚР Үкіметінің 2007.18.04. № 309 Қаулысымен құрам өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қолданыстағы заңнаманы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бөлігінде жетілдіру
мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамы
| Балиева Зағипа Яхияқызы | - Қазақстан Республикасының Әділет министрі, төрайым |
| Құсдәулетов Дулат Рашитұлы | - Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі, төрайымның орынбасары |
| Қожамжаров Қайрат Пернешұлы | - Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) төрағасының орынбасары, төрайымның орынбасары |
| Скрябин Сергей Васильевич | - "Қазақстан Республикасы 3аңнама институты" жауапкершілігі шектеулi серіктестіктің директоры, заң ғылымдарының кандидаты, доцент, хатшы |