Введите номер документа
Прайс-лист

«Халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалануға беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 қарашадағы № 1033 Қаулысы (2013.18.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)

Информация о документе
Датапятница, 2 ноября 2007
Статус
Утратил силу
утратил силу с 10 июня 2015

Халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалануға беру ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 қарашадағы № 1033 Қаулысы

(2013.18.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 10 маусымдағы № 426 Қаулысымен  күші жойылды

 

«Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі Заңы 17-бабының 8) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалануға беру ережесі бекітілсін.

2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2007 жылғы 2 қарашадағы

№ 1033 қаулысымен

бекітілген

 

Халықаралық және республикалық маңызы бар тарих

және мәдениет ескерткіштерін пайдалануға беру

ережесі

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалануға беру ережесі «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі Заңы 17-бабының 8) тармақшасына сәйкес әзірленді әрі халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін (бұдан әрі - ескерткіштер) пайдалануға беру тәртібін белгілейді.

 

2. Ескерткіштерді пайдалануға беру тәртібі

 

2. Мемлекеттің меншігі болып табылатын ескерткіштер тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) шешімі бойынша жеке және заңды тұлғаларға (өтініш берушілер) ғылыми, мәдени-ағарту, туристік және өзге де мақсаттар үшін пайдалануға беріледі.

3. Мемлекет меншігі болып табылмайтын ескерткіштер жеке және заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пайдалануға беріледі.

ҚР Үкіметінің 2013.18.03. № 254 Қаулысымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

4. Жеке және (немесе) заңды тұлғалар мемлекет меншігі болып табылатын ескерткішті пайдалануға алу үшін уәкілетті органға осы Ережеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті ұсынады.

ҚР Үкіметінің 2013.18.03. № 254 Қаулысымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

5. Уәкілетті орган жеке және (немесе) заңды тұлғалардың өтініштері тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарайды және өтініш берушіге қабылданған шешім туралы жазбаша нысанда хабарлайды.

ҚР Үкіметінің 2013.18.03. № 254 Қаулысымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

6. Өтінішті қарау қорытындылары бойынша уәкілетті орган ескерткішті пайдалануға беру туралы шешім қабылдайды не мынадай негіздер бойынша:

1) мәлімделген ескерткіш пайдалануда болса;

2) ескерткішті пайдаланудың мақсаты мен сипаты ескерткіштің жай-күйіне нұқсан келтіретін болса;

3) ескерткішті пайдаланудың мақсаттары оның бастапқы мақсатына сәйкес келмесе пайдалануға беруден бас тартады.

ҚР Үкіметінің 2013.18.03. № 254 Қаулысымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

7. Уәкілетті орган ескерткішті пайдалануға беру туралы шешім қабылдаған жағдайда, өтініш берушіге ескерткішті пайдалануға беруге келісу және ескерткішті пайдалануға беру туралы шарт жасасу туралы жазбаша хабарлама жібереді.

Ескерткішті пайдалануға беру туралы шартқа уәкілетті орган мен өтініш беруші арасында өтініш берушіге хабарлама жіберілген күнінен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде қол қойылады.

ҚР Үкіметінің 2013.18.03. № 254 Қаулысымен 7-1-тармақпен толықтырылды

7-1. Уәкілетті орган теріс шешім қабылдаған кезде, өтініш берушіге ескерткішті пайдалануға беруден дәлелді бас тарту жазбаша нысанда жіберіледі.

8. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары ескерткішті пайдаланушыға Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен қорғау міндеттемесін береді.

9. Мемлекеттік меншікке ескерткішті пайдалануға берген кезде пайдаланушыдан ескерткішті пайдаланғаны үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген жалдау ақысының ставкалары бойынша жалдау ақысы өндіріп алынады.

10. ҚР Үкіметінің 2013.18.03. № 254 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

11. Ескерткіштерді пайдаланып отырған жеке және заңды тұлғалар ескерткіштерді сипаты мен мақсатына сәйкес пайдалану міндеттерін олар бұзған жағдайда, соның салдарынан тарих және мәдениет ескерткіші жойылу немесе бүліну қатеріне ұшыраса, олар пайдалану құқығынан айырылады.

Ескерткішті пайдалану құқығынан айыру, егер ескерткішті қорғау міндеттемесінде өзгеше көзделмесе, ескерткіштің меншік иесінің немесе уәкілетті органның өтініші негізінде соттың шешімімен ғана жүзеге асырылуы мүмкін.

 

ҚР Үкіметінің 2013.18.03. № 254 Қаулысымен қосымшамен толықтырылды

Халықаралық және республикалық

маңызы бар тарих және мәдениет

ескерткіштерін пайдалануға

беру ережесіне

қосымша

 

Нысан

 

 Қазақстан Республикасы Мәдениет

 және ақпарат министрлігі

 Мәдениет комитетінің төрағасы

 _______________________________

 _______________________________

 _______________________________

(өтініш берушінің тегі, аты,

әкесінің аты немесе атауы)

 

 

Өтініш

 

_______________________________________________________ ескерткішін ___________________________________

_____________________________________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________________________ мақсатында

(ескерткішті пайдаланудың қысқаша сипаттамасы)

пайдалануға беруді сұраймын.

Өтініш берушінің деректері:

_____________________________________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________________________________

(жеке тұлғаның Т.А.Ә. немесе заңды тұлғаның атауы және ұйымдық-құқықтық нысаны)

_____________________________________________________________________________________________________

(жеке тұлғаның ЖСН немесе заңды тұлғаның БСН)

_____________________________________________________________________________________________________

(жеке тұлғаның тұратын жері немесе заңды тұлғаның орналасқан жері)

 

Қолы ___________________________

Мерзімі _________________________

 

 

Документ утратил силу

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом