«Жекешелендіруге және оның алдын ала жүргізілетін сатыларына жататын
Шығыс Қазақстан облысының коммуналдық меншік объектілерінің тізбесін бекіту туралы»
2006 жылғы 10 шілдедегі № 674 қаулыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Шығыс Қазақстан облысының әкімдігінің 2007 жылғы 16 қазандағы № 267 қаулысы
Шығыс Қазақстан облысының әкімдігінің 2008.07.03. № 484 қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына «Жекешелендіру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Шығыс Қазақстан облысының қалалары мен аудандары әкімдіктерінің, сондай-ақ облыстық басқармалар мен департаменттердің қолдаухаттары негізінде Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Жекешелендіруге және оның алдын ала жүргізілетін сатыларына жататын Шығыс Қазақстан облысының коммуналдық меншік объектілерінің тізбесін бекіту туралы» 2006 жылғы 10 шілдедегі № 674 қаулысына (тіркеу нөмірі № 2428, 2006 жылғы 1 тамыздағы № 78 «Дидар», 2006 жылғы 29 шілдедегі № 116 «Рудный Алтай» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 3-тармақтағы «облыс әкімінің орынбасары Н.Т. Уранхаевқа» сөзі «облыс әкімінің бірінші орынбасары Ә.С.Бергеневке» сөзіне ауыстырылсын.
2) қосымшада (Жекешелендіруге және оның алдын ала жүргізілетін сатыларына жататын Шығыс Қазақстан облысының коммуналдық меншік объектілерінің тізбесі):
14, 15 және 23, 24-тармақтар алынып тасталсын;
осы қаулының қосымшасына сәйкес, 28-47-тармақтармен толықтырылсын.
2. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2007 жылғы 16 қазандағы
№ 267 қаулысына қосымша
Жекешелендіруге және оның алдын ала жүргізілетін