Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 26.07.01 Ж. № 1010 ҚАУЛЫСЫ

Информация о документе
Датапонедельник, 1 января 0001
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпонедельник, 1 января 0001

Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасынан тысқары
жерлерге шығу ережесі туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2001 ж. 26 шілдедегі № 1010 қаулысы

(2006.31.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Осы редакция 2007 жылғы 13 қарашадағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

ҚР Үкіметтік ақпарат бөлімінің осы қаулысына түсініктемесін қара

"Халықтың көшi-қоны туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Заңын орындау үшiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасы азаматтарының еркiн қозғалысы құқықтарын iске асыру, елден шығу мәселелерiн реттеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса берiліп отырған Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге шығу ережесi бекітілсiн.

2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі, Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетiмен келісім бойынша өздерiнiң нормативтік құқықтық кесiмдерін осы қаулыға сәйкес келтiрсiн.

3. Мыналардың:

1) "Қазақстан Республикасына келу және Қазақстан Республикасынан кету туралы уақытша ереже туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 29 қыркүйектегі № 813 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1992 ж., № 37, 569-құжат);

2) "Қазақстан Республикасына келу және Қазақстан Республикасынан кету туралы уақытша ереже туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнің 1992 жылғы 29 қыркүйектегі № 813 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 24 наурыздағы № 228 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1993 ж., № 9, 107-құжат);

3) "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгертулер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 31 қазандағы № 1408 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., № 33, 428-құжат) күші жойылды деп танылсын.

4. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап күшіне енедi.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом