2007 жылға арналған облыстық бюджет туралы
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2006 жылғы 21 желтоқсандағы № 27/2 шешімі
(2007.11.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2007 жылғы 2 қарашадағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы 2004 жылғы 24 сәуірдегі № 548-II Бюджеттік Кодексіне, «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңына сәйкес, облыстық мәслихат ШЕШТІ:
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2007.17.01. № 28/2 ; 2007.10.04. № 29/4 ; 2007.11.07. № 31/2 (бұр.ред.қара) шешімдерімен 1-тармақ өзгертіді
1. 2007 жылға арналған облыстық бюджет 1 қосымшаға сәйкес келесі көлемде бекітілсін:
1) кірістер - 42 965 589 мың теңге,
соның ішінде:
салықтық түсімдер - 7 819 978 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 159 293 мың теңге;
түсіммен тарнсферттердің - 34 992 318 мың теңге;
2) шығындар - 43 335 491 мың теңге;
3) операциялық сальдо - - 369 902 мың теңге;
4) таза бюджеттік кредиттеу - - 602 000 мың теңге,
соның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 473 000 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 1 075 000 мың теңге;
5) қаржылық активтермен
операция бойынша сальдо - 28 000 мың теңге;
соның ішінде:
қаржылық активтерді сатып алу - 33 000 мың теңге;
мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түсім - 5 000 мың теңге;
6) бюджеттің тапшылығы (профицит) - 210 098 мың теңге;
7) тапшылықты қаржыландыру
(профицитті пайдалану) - - 210 098 мың теңге.