2004 жылғы 18 қарашадағы № 126 «Қостанай облысының облыстық бюджетінен қаржыландырылатын денсаулық сақтау ұйымдарының 2005-2007 жылдарға арналған күрделі жөндеу және материалдық-техникалық жарақтандыру өңірлік бағдарламасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
III сайланған Қостанай облыстық мәслихаты XIX сессиясының 2007 жылғы 3 сәуірдегі № 433 шешімі
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қостанай облыстық мәслихаттың 2004 жылғы 18 қарашадағы № 126 «Қостанай облысының облыстық бюджетінен қаржыландырылатын денсаулық сақтау ұйымдарының 2005-2007 жылдарға арналған күрделі жөндеу және материалдық-техникалық жарақтандыру» өңірлік бағдарламасын бекіту туралы» келесі өзгерістер енгізілсін:
Осы шешіміне қосымшасына сәйкес «Қостанай облысының облыстық бюджетінен қаржыландырылатын денсаулық сақтау ұйымдарының 2005-2007 жылдарға арналған күрделі жөндеу және материалдық-техникалық жарақтандыру» өңірлік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының» 8-тарауы жаңа редакцияда жазылсын.