ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2010 жылғы 26 қаңтардағы № 32 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация
министрі міндетін атқарушының
2007 жылғы 27 қарашадағы
№ 251 бұйрығымен
Бекітілген
«Шағын өлшемді кемелерді басқару құқығына куәлік беру» мемлекеттік қызмет көрсетудің
СТАНДАРТЫ
1. Жалпы ережелер
1. Осы стандарт шағын өлшемді кемелерді басқару құқығына куәлік беру жөніндегі мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) тәртібін белгілейді.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет «Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабының, «Қазақстан Республикасы су қоймаларында шағын өлшемді кемелердің жүзу қауіпсіздігін белгілейтін құжаттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 1998 жылғы 10 тамыздағы (Мемлекеттік тіркеу тізілімінде 1998 жылғы 13 қазанда № 618 нөмірмен тіркелген) № 172 бұйрығымен бекітілген Кеме жүргізушілерді шағын өлшемді кемелерді жүргізу құқығына аттестаттау бойынша нұсқаулықтың негізінде жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің облыстар, Астана, Алматы қалалары бойынша аумақтық органдары (бұдан әрі - КББ) көрсетеді (осы стандартқа 1-қосымша).
5. Мемлекеттік қызмет көрсетуді аяқтау нысаны шағын өлшемді кемелерді басқару құқығына куәлік беру болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетел азаматтарына және азаматтығы жоқ тұлғаларға (бұдан әрі - өтініш берушілерге) көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызмет аттестаттау экзаменін жақсы тапсырған сәттен бастап 10 күн мерзімде ұсынылады.
Шағын өлшемді кемелерді басқару құқығына куәлік алған кезде кезек күтуге рұқсат етілген ең ұзақ уақыт: 30 минуттан артық емес.
8. Мемлекеттік қызмет ақысыз болып табылады.