ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2010 жылғы 26 қаңтардағы № 32 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация
министрі міндетін атқарушының
2007 жылғы 27 қарашадағы
№ 251 бұйрығымен
Бекітілген
«Шағын өлшемді кемелерді мемлекеттік тіркеу»
мемлекеттік қызметін көрсету
СТАНДАРТЫ
1. Жалпы ережелер
1. Осы стандарт шағын өлшемді кемелерді мемлекеттік тіркеу жөніндегі мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) тәртібін белгілейді.
2. Шағын өлшемді кемелерді және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу нысаны: автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет «Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабының, «Кемелерді және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 қаңтардағы № 49 қаулысының негізінде жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің облыстар және Астана мен Алматы қалалары бойынша аумақтық органдары (бұдан әрі - КББ) көрсетеді (осы стандартқа 1- қосымша).
5. Мемлекеттік қызмет көрсетуді аяқтау нысаны кеме билетін беру болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасында тіркелген жеке және заңды тұлғаларға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына олардың тіркелген жерінен берілген сеніммен басқару негізінде шетелдік заңды тұлғаларға, шетел азаматтарына, азаматтығы жоқ тұлғаларға және халықаралық ұйымдарға (бұдан әрі - өтініш беруші) көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызмет келесі мерзімдерде ұсынылады:
1) мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі өтінуші қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап: 30 күн;
2) қажетті құжаттарды тапсырған кезде кезек күтуге рұқсат етілген ең ұзақ уақыт: 20 минуттан артық емес;
3) кеме билетін алған кезде кезек күтуге рұқсат етілген ең ұзақ уақыт: 30 минуттан артық емес.
8. Мемлекеттік қызмет ақылы болып табылады.