ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2010 жылғы 26 қаңтардағы № 32 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация
министрі міндетін атқарушының
2007 жылғы 27 қарашадағы
№ 251 бұйрығымен
Бекітілген
«Өзен кемелерін жалға алынған шетел кемелерінің
тізілімінде мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызметін көрсету
СТАНДАРТЫ
1. Жалпы ережелер
1. Осы стандарт жалға алынған шетел кемелерінің тізілімінде өзен кемелерін мемлекеттік тіркеу жөніндегі мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) тәртібін белгілейді.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет «Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабының, «Кемелер мен оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 қаңтардағы № 49 қаулысының негізінде жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша аумақтық органдары (бұдан әрі - КББ) көрсетеді (осы стандартқа 1-қосымша).
5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің аяқталу нысаны шетел кемесіне Қазақстан Республикасының туын көтеріп жүзу құқығына куәлік беру болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасында тіркелген жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - өтініш берушілерге) көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызмет келесі мерзімдерде ұсынылады:
1) мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі өтініш беруші қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап 30 күн;
2) қажетті құжаттарды тапсырған кезде кезек күтуге рұқсат берілген ең ұзақ уақыт: 20 минуттан артық емес;
3) кеме куәліктерін алған кезде кезек күтуге рұқсат берілген ең ұзақ уақыт: 30 минуттан артық емес;
8. Мемлекеттік қызмет көрсету ақылы болып табылады.