Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Ресей Федерациясының «Байқоңыр»
кешенін жалға алу жағдайында «Байқоңыр» кешенінің персоналына, Байқоңыр қаласының, Төретам және Ақай кенттерінің
тұрғындарына медициналық қызмет көрсетудің тәртібі туралы келісімге қол қою туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 желтоқсандағы № 1237 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 13 қарашадағы № 1832 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Ресей Федерациясының «Байқоңыр» кешенін жалға алу жағдайында «Байқоңыр» кешенінің персоналына, Байқоңыр қаласының, Төретам және Ақай кенттерінің тұрғындарына медициналық қызмет көрсетудің тәртібі туралы келісімнің жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Анатолий Григорьевич Дерновойға қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Ресей Федерациясының «Байқоңыр» кешенін жалға алу жағдайында «Байқоңыр» кешенінің персоналына, Байқоңыр қаласының, Төретам және Ақай кенттерінің тұрғындарына медициналық қызмет көрсетудің тәртібі туралы келісімге қол қоюға өкілеттік берілсін.
3. «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасында Ресей Федерациясының «Байқоңыр» кешенін жалға алу шартымен «Байқоңыр» кешенінің персоналына, Байқоңыр қаласының, Төретам және Ақай кенттерінің тұрғындарына медициналық қызмет көрсетудің тәртібі туралы келісім жасасу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 желтоқсандағы № 1339 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |