Қазақстан Республикасының Yкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі
арасында Ресей Федерациясының "Байқоңыр" кешенiн жалға алу шартымен
"Байқоңыр" кешенінiң персоналына, Байқоңыр қаласының, Төретам және
Ақай кенттерiнің тұрғындарына медициналық қызмет көрсетудiң тәртiбі
туралы келiсім жасасу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004
жылғы 21 желтоқсандағы № 1339 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 19 желтоқсандағы № 1237 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметi мен Ресей Федерациясының Үкіметi арасындағы Ресей Федерациясының "Байқоңыр" кешенiн жалға алу шартымен "Байқоңыр" кешенiнiң персоналына, Байқоңыр қаласының, Төретам және Ақай кенттерінің тұрғындарына медициналық қызмет көрсетудiң тәртібi туралы келісімнiң (бұдан әрi - Келісім) жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрi Ерболат Асқарбекұлы Досаевқа Келісімнің жобасына қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгiзуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан Қазақстан Республикасының Үкіметi мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасында Ресей Федерациясының "Байқоңыр" кешенiн жалға алу шартымен "Байқоңыр" кешенiнiң персоналына Байқоңыр қаласының, Төретам және Ақай кенттерінiң тұрғындарына медициналық қызмет көрсету тәртібі туралы келісім жасасуға өкілеттiк берілсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының
| Премьер-Министрі | | | | | | | | | Д.К. Ахметов |