«Алматы қаласы әкімдігінің жеке кәсіпкерлік субьектілері бірлестіктерін
тіркейтін Комиссиясын құру туралы»
Алматы қаласы Әкімінің 2006 жылғы 14 қыркүйектегі № 6/1089 қаулысы
Осы редакция 2008 жылғы 11 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 мамырдағы «Жеке кәсіпкерлік субьектілерінің бірлестіктерін тіркеу Ережесін бекіту туралы» № 477 қаулысына сәйкес Алматы қаласының әкімдігі қаулы етеді:
1. Алматы қаласы әкімдігінің жеке кәсіпкерлік субьектілері бірлестіктерін тіркейтін комиссиясы (әрі қарай - Комиссия) құрылсын.
2. Ұсынылып отырған мыналар бекітілсін:
1) Комиссия туралы Ереже;
2) Комиссия құрамы.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қ.А. Бүкеновке жүктелсін.
| Алматы қаласының Әкімі | И. Тасмағамбетов |
| Әкімдік хатшысы | К. Тәжиева |
Алматы қаласы Әкімінің
2006 жылғы 14 қыркүйектегі
№ 6/1089 қаулысымен бекітілді
Алматы қаласы әкімдігінің Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін
тіркейтін комиссиясы туралы
ЕРЕЖЕ
І. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже Алматы қаласы әкімдігінің Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін тіркейтін комиссиясының (әрі қарай - Комиссия) жұмысын ұйымдастырудың және қызметін реттеудің жайын айқындайды.
2. Комиссияны Алматы қаласының әкімдігі жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін тіркеу мақсатында құрады.
3. Комиссия өз қызметінде осы Ережені, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін тіркеу саласындағы құқықтық қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады.
2. Комиссияның қызметін ұйымдастыру
4. Жұмыс органының функциясы Алматы қаласы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментіне жүктеледі.
5. Комиссияны Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары басқарады. Комиссияның құрамына Алматы қаласының бюджетінен қаржыландырылатын атқару органдарының басшылары, жұмыс органының қызметкерлері кіреді.