Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 06.09.02 Ж. № 984 ҚАУЛЫСЫ

Информация о документе
Датапонедельник, 1 января 0001
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпонедельник, 1 января 0001

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң «Әл-Фараби
атындағы Қазақ ұлттық университетi» республикалық мемлекеттік
кәсiпорнының мәселелерi Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 6
қыркүйектегі № 984 қаулысы

(2007.21.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Осы редакция 2008 жылғы 7 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік кәсiпорын туралы» 1995 жылғы 19 маусымдағы № 2335 Заң күшi бар Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетi» республикалық мемлекеттік кәсiпорнына:

1) Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетiнiң жанындағы Жаңа химиялық технологиялар және материалдар ғылыми-зерттеу институты;

Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетiнiң жанындағы Механика және математика ғылыми-зерттеу институты;

Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетiнiң жанындағы Биология және биотехнология проблемалары ғылыми-зерттеу институты;

Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетiнiң жанындағы Экология проблемалары ғылыми-зерттеу институты;

Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетiнiң Физика-химиялық талдау әдiстерiнiң орталығы мемлекеттік мекемелерiн;

2) «Қазақстан Республикасы Білім министрлігінiң Жану проблемалары институты» шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттік кәсiпорнын қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.

2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетi» республикалық мемлекеттік кәсiпорнына Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген тәртіппен қосымшаға сәйкес еншiлес мемлекеттік кәсiпорындар құруға рұқсат етiлсiн.

3. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом