Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2006.13.01 № 36 ҚАУЛЫСЫ

Информация о документе
Датапонедельник, 1 января 0001
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпонедельник, 1 января 0001

«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау
комитетінің мәселелерi» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 13 қаңтардағы № 36 Қаулысы

 

Осы редакция 2007 жылғы 22 қазандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Қазақстан Республикасының Yкіметі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Конституциялық заңының 24-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті (бұдан әрі - Комитет) құрылсын.

2. Қоса беріліп отырған:

1) Комитет туралы ереже;

2) Комитеттің құрылымы бекітілсін.

3. Комитеттің төрағасына екі орынбасары болуға рұқсат берілсін.

4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:

1) «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2004 ж., № 40, 522-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі туралы ережеде:

1-тармақ мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:

«Балалардың құқықтарын қорғау комитеті.»;

2) «Штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2005 жылғы 24 қаңтардағы № 47 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктердің, агенттіктер мен ведомстволардың қызметкерлері штат санының лимиттерінде:

«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі» деген реттік нөмірі 12-жолда:

«Штат санының лимиті» деген бағанда «297» деген сандар «317» деген сандармен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

«Балалардың құқықтарын қорғау комитеті

20».

5. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом