IV сайланған Алматы қаласы мәслихаты VІ сессиясының 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 60 «Алматы қаласы бойынша 2008 жылға арналған қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
ІV сайланған Алматы қаласы мәслихатының VІІ сессиясының 2008 жылғы 14 қаңтардағы № 75 шешімі
IV сайланған Алматы қалалық Мәслихатының XVII сессиясының 2009 жылғы 24-сәуірдегі № 180 шешімімен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақының базалық және шекті ставкаларын бекіту туралы» 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1314 қаулысына сәйкес IV сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. IV сайланған Алматы қаласы мәслихаты VІ сессиясының «Алматы қаласы бойынша 2008 жылға арналған қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы» 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 60 шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 763 рет санымен 2007 жылғы 25 желтоқсанда тіркелген, 2007 жылғы 29 желтоқсанда »Алматы ақшамы» газетінде № 156, 2007 жылғы 27 желтоқсанда «Вечерний Алматы» газетінде № 307 жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы және 1 тармағы төмендегідей редакцияда берілсін:
«Алматы қаласы бойынша қоршаған ортаға эмиссия үшін 2008 жылға арналған төлемақы ставкаларын бекіту туралы.
1. Қоса беріліп отырған Алматы қаласы бойынша қоршаған ортаға эмиссия үшін 2008 жылға арналған төлемақы ставкалары бекітілсін»;
шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес редакцияда берілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау экология, денсаулық және төтенше жағдайлар мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (Ізмұхамбетов Т.Ә.) және Алматы қаласы бойынша салық комитетінің төрағасы Қ.Е.Баеділовке жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейінгі он күнтізбелік күннен кейін күшіне енеді.
IV сайланған Алматы қаласы мәслихаты VІІ сессиясының төрағасы | А. Маралов |