Алматы облыстық мәслихатының 2007 жылғы 12 желтоқсандағы «Алматы облысының 2008 жылға арналған облыстық бюджеті туралы» № 5-26 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Алматы облыстық мәслихатының 2008 жылғы 17 қаңтардағы № 6-33 шешімі
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 111 - бабының 1, 2 - тармақтарына және 115 - бабына және Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 - бабы 1 - тармағының 1 - тармақшасына сәйкес, Алматы облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Алматы облыстық мәслихаттың 2007 жылғы 12 желтоқсандағы «Алматы облысының 2008 жылға арналған облыстық бюджет туралы» № 5-26 шешіміне (2008 жылғы 3 қаңтардағы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 1998 нөмірімен тіркелген), төмендегі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Кірістер» «94768032» саны «94791509» санына ауыстырылсын,
соның ішінде:
«трансферттердің түсімдері» «82144741» саны «82168218» санына ауыстырылсын, соның ішінде:
«нысаналы пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) трансферттерді қайтару 23477 мың теңге» деген жолмен толықтырылсын;
2) «Шығындар» «94666732» саны «95523597» санына ауыстырылсын;
3) «Операциялық сальдо» «101300» саны «-732088» санына ауыстырылсын;
4) «таза бюджеттік несиелендіру» «599000» саны «406870» санына ауыстырылсын, оның ішінде:
«бюджеттік кредиттерді өтеу 192130 мың теңге» деген жолмен толықтырылсын;
5) «қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо» «101300» саны «123300» санына ауыстырылсын, оның ішінде:
«қаржы активтерін сатып алу» «101300» саны «123300» санына ауыстырылсын;
6) «тапшылық» «-599000» саны «-1262258» санына ауыстырылсын;
7) «бюджет тапшылығын қаржыландыруға» «599000» саны «1262258» санына ауыстырылсын, оның ішінде:
«бюджет қаражаты қалдықтарының қозғалысы 663258 мың теңге» деген жолмен толықтырылсын;
10 тармақтағы:
«8005185» саны «8072017» санына ауыстырылсын;
11 тармақтағы:
«724500» саны «828395» санына ауыстырылсын.
2. Көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
3. Көрсетілген шешімнің 4 қосымшасы осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.