«Жаз мезгілінің күндізгі және кешкі уақытында Қазақстан Республикасының республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары бойынша автокөлік құралдарының қозғалысын ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2007 жылғы 7 наурыздағы № 59 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2008 жылғы 18 ақпандағы № 56 Бұйрығы
ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2012 жылғы 27 сәуірдегі № 211 бұйрығымен күші жойылды
«Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабына сәйкес, автомобиль жолдарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жаз мезгілінің күндізгі және кешкі уақытында Қазақстан Республикасының республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары бойынша автокөлік құралдарының қозғалысын ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2007 жылғы 7 наурыздағы № 59 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4568 болып тіркелген, «Заң газетінің» 2007 жылғы 27 наурыздағы 45 (1248) нөмірінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1-тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: