Жаз мезгілінің күндізгі және кешкі уақытында Қазақстан Республикасының республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары бойынша автокөлік құралдарының қозғалысын ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің 2007 жылғы 7 наурыздағы № 59 Бұйрығы
(2010.07.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2012 жылғы 27 сәуірдегі № 211 бұйрығымен күші жойылды
«Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабына сәйкес, автомобиль жолдарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ жаз мезгілінде көтергіштік қабілетін жоғалтуына байланысты бұйырамын:
ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2010.07.04. № 174 бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасының республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарында мынадай:
1) халықаралық келісімдерге сәйкес жүктердің және жолаушылардың халықаралық тасымалдарын жүзеге асыратын;
2) ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің 2008.18.02. № 56 бұйрығымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3) төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі іс-шараларға тартылған;
4) тез бұзылатын тауарларды тасымалдауды жүзеге асыратын;
5) жолаушылар мен багаж тасымалын жүзеге асыратын;
6) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіппен қауіпті, бөлінбейтін ірі көлемді және ауыр салмақты жүктерін тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушылардың автокөлік құралдарын қоспағанда, дара білікке түсетін жүктемесі 8 тоннадан артық автокөлік құралдарының қозғалысына осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес, ауаның температурасы 250С жоғары болған жағдайда, күндізгі және кешкі сағат 10-00-ден 20-00-ге дейінгі уақытта осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес шектеулер енгізілсін;
7) Қайта жаңарту жұмыстарын жүргізу үшін мердігер ұйымдарға берілген учаскелердегі қолданыстағы жамылғы бойынша жол-құрылыс жұмыстарына тартылған.