Әкімшілік қызметшілерге жататын қызметкерлер лауазымдары атауларының
тізбесін бекіту туралы Бұйрық Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 1999 жылғы 7 сәуір № 56-а-б
(2005.02.12. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2008 жылғы 20 ақпандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау мин. 2005. 2. 12 № 307-ө Бұйрығымен кіріспе өзгертілді (бұр.ред.қара)
БҰЙЫРАМЫН:
1. Әкімшілік қызметшілерге жататын қызметкерлер лауазымдары атауларының ұсынылып отырған Тізбесі бекітілсін.
2. Әкімшілік қызметшілерге жататын қызметкерлер лауазымдарының жаңаларының енгізілуіне және ескілерінің алынып тасталуына қарай аталған Тізбеге өзгерістер енгізілсін.
3. Осы Бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Вице-министрі М.Қ. Ауановқа жүктелсін.
Министр
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау мин. 2005. 2. 12 № 307-ө Бұйрығымен тізбе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау Министрінің
1999 жылғы 7 сәуірдегі
№ 56-ә-ө бұйрығына қосымша
Әкімшілік қызметшілерге жататын қызметкерлер
лауазымдары атауларының тізбесі
1. Қазақстан Республикасының ұйымдары мен олардың құрылымдық бөлімшелері қызметкерлері лауазымдарының мынадай атаулары әкімшілік қызметшілерге жатады:
Әкімші, сауда және қоғамдық тамақтандыру, қонақүй ұйымдарының әкімшілерінен басқа
Әкімші көмекшісі
Әкімші хатшысы
Актуарий
Талдаушы
Төреші
Аудитор
Бухгалтер барлық атаудағы: (бухгалтер-аудитор, бухгалтер-сарапшы және тағы басқалар)
Жетекші маман (агроном, бухгалтер-сарапшы, геодезист, гидрогеолог, инспектор, қазынашы, бақылаушы-ревизор, мелиоратор, эколог, экономист, сарапшы, заңгер және жобалау, құрылыс, ғылыми-зерттеу, технология және тағы басқа осыған ұқсас жұмыстарды орындаумен тікелей айналысатын жетекші мамандардан басқа)
Вице-президент
Дәрігер
Бас директор
Бас конструктор
Бас продюсер
Бас әкімші