Консультативтік органдар құрамын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 13 қарашадағы № 390 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009.28.05. № 226 бұйрығымен күші жойылды
«Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабы 1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Қоса беріліп отырған Консультативтік орган құрамы бекітілсін.
Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі | Н. Коржова |
КЕЛІСІЛГЕН
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі
А. Сайденов
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2007 жылғы 13 қарашадағы
№ 390 бұйрығымен
бекітілген
Консультативтік орган
құрамы
Саудабаев Дәулет Советұлы | -Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі | |
Айтжанова Жәмилә Нурматқызы | - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік активтерді басқару әдіснамасы департаментінің директоры | |
Шалғымбаева Нұртай Тұяққызы | - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Бухгалтерлік есеп департаментінің директоры | |
Өтекова Жанар Досжанқызы | - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Стратегия және талдау департаменті директорының орынбасары | |