Азаматтық авиациядағы еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің 2008 жылғы 6 ақпандағы № 30 Бұйрығы
ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 12 маусымдағы № 339 бұйрығымен күші жойылды
«Тиісті уәкілетті органдардың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді қабылдау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 тамыздағы № 721 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) Борттық тамақты тиеуді жүзеге асыратын тасымалдаушы үшін еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі үлгі нұсқаулық (1-қосымша);
2) Әуе кемелерінің жуушылары үшін еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі үлгі нұсқаулық (2-қосымша);
3) Жолаушыларды қарсы алу мен отырғызу бойынша кезекшілер үшін еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі үлгі нұсқаулық (3-қосымша);
4) Азаматтық авиация бортсеріктері үшін еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі үлгі нұсқаулық (4-қосымша) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Қубаев М.М.) белгіленген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация вице-министрі А.Ғ.Бектұровқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Министрдің міндетін атқарушы | А. Бектұров |
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
2008 жылғы 20 ақпан