Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2007.2.06 № 454 ҚАУЛЫСЫМЕН БЕКІТІЛГЕН

Информация о документе
Датапонедельник, 1 января 0001
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпонедельник, 1 января 0001

Осы редакция 2008 жылғы 28 наурыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2007 жылғы 2 маусымдағы

№ 454 қаулысымен

Бекітілген

 

Нотариаттық қызметті лицензиялау ережесі
 
1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Нотариаттық қызметті лицензиялау ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы, «Нотариат туралы» 1997 жылғы 14 шілдедегі заңдарына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және нотариаттық қызметті лицензиялау тәртібін белгілейді.

2. Нотариаттық қызметті лицензиялауды Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Халыққа құқықтық көмек және заңгерлік қызмет көрсетуді ұйымдастыру комитеті (бұдан әрі - лицензиар) жүзеге асырады.

3. Лицензиялары жоқ адамдардың («Нотариат туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 14 шілдедегі Заңының 1-бабы 2-тармағының 2), 3) тармақшаларында көрсетілген адамдарды қоспағанда) нотариаттық әрекеттерді нотариат туралы заңнаманың өзге де талаптарын бұза отырып жасауы және бұл әрекеттерден табыс алуы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.

 

2. Лицензияны беру, қайта ресімдеу және оны беруден бас тарту тәртібі

 

4. Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия (бұдан әрі - лицензия) нотариаттық қызметпен айналысуға ниет білдірген (бұдан әрі - өтініш беруші), белгіленген біліктілік талаптарына жауап беретін адамға беріледі.

5. Лицензия алу үшін өтініш берушілер лицензиарға мынадай құжаттарды береді:

1) белгіленген үлгідегі өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжат;

4) өтініш берушінің салық органында есепке тұрғаны туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі;

5) лицензия алу үшін аттестаттаудан өткені туралы әділет аттестаттау комиссиясының (бұдан әрі - ӘАК) шешімі не өтініш берушінің ӘАК-да туралы шарттың көшірмесі;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом