Азаматтардың әлеуметтік қорғалатын санаттарына әлеуметтік көмектердің жекелеген түрлері туралы
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2008 жылғы 28 ақпандағы № 164 қаулысы
2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», 1995 жылғы 28 сәуірдегі «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы», 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы», «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес, халықтың әлеуметтік қорғалатын санаттарының өмір сүру деңгейі мен сапасын арттыру мақсатында, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДі:
1. Азаматтардың әлеуметтік қорғалатын санаттарына әлеуметтік көмектердің жекелеген түрлерінің (бұдан әрі - Көмек) тізілімі, төлемдердің мерзімділігі 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. 2 қосымшаға сәйкес Маңғыстау облысы әкімдігінің қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М.М. Әбдірахмановқа жүктелсін.
4. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
М.М. Әбдірахманов
Ә. Ө. Сахимов
Е.А. Бектұрғанов
А.Әбдешұлы
Х.Х. Нұрғалиева
Маңғыстау облысы экономика
және бюджеттік жоспарлау
департаментінің директоры
________________
«____» __________2007 жыл
М.Б.Әлібекова
Маңғыстау облысы қаржы
департаментінің директоры
________________
«____» __________2007жыл
Г.Қ.Қалмұратова
Маңғыстау облысы жұмыспен
қамтуды үйлестіру және
әлеуметтік бағдарламалар
департаментінің директоры
______________
«____» __________2007 жыл
Маңғыстау облысы әкімдігінің
28 ақпандағы 2008 жылғы
№ 164 қаулысына
1 қосымша
Азаматтардың әлеуметтік қорғалатын санаттарына
әлеуметтік көмектердің жекелеген түрлерінің
тізілімі,төлемдердің мерзімділігі