Оңтүстік Қазақстан облысының облыстық маңызы бар қалаларында бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкасына қолданылатын түзету коэффициенттерін белгілеу туралы
Оңтүстік Қазақстан облыстық Мәслихатының 2001 жылдың 27 маусымдағы № 11/127-ІІ шешімі
(2025.13.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2012.07.12. № 9/81-V шешімімен атауы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
ОҚ облыстық мәслихатының 2008.27.03. № 5/79-IV шешімімен преамбула мен тақырып өзгертілді (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 11-бабы 1-тармағына сәйкес облыс әкімияты енгізген ұсынысын қарап, облыстық мәслихат шешті.
ОҚ облыстық мәслихатының 2008.27.03. № 5/79-IV шешімімен (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді) (бұр.ред.қара); 2012.07.12. № 9/81-V шешімімен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Оңтүстік Қазақстан облысының облыстық маңызы бар қалаларында бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлем ақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері 1 және 2 қосымшаларға сәйкес бекітілсін.
ОҚ облыстық мәслихатының 2008.27.03. № 5/79-IV шешімімен 2-тармақпен толықтырылды (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді) (бұр.ред.қара)
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыстық мәслихат сессиясының төрағасы
Облыстық мәслихат хатшысы