Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік қүқықтық актілерінің
күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі №179 бұйрығы
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңның 27-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару әдіснамасы департаменті (Ж.Н.Айтжанова) бір апта мерзімде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне және ресми баспа басылымдарына Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп тану туралы хабарласын.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы Қаржы
Министрінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі
№179 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасының күшін жойған кейбір нормативтік құқықтық актілерінің
Тізбесі
1. «1 аудит Ережелерін (стандартын) «Қаржылық есеп-қисап аудитінің мақсатты және жалпы мұраттары» бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Бухгалтерлік есеп әдіснамасы және аудит департаментінің 1998 жылғы 7 сәуірдегі № 56 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 516 болып тіркелді).
2. «5 аудит Ережелерін (стандарт)» Қаржылық есеп-қисапқа аудиторлық қорытынды» туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Бухгалтерлік есеп әдіснамасы және аудит департаментінің 1998 жылғы 20 мамырдағы № 83 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміңде № 575 болып тіркелді).
3. «2 аудит Ережелерін (стандартын) «Аудит жүргізудің шарттары» бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Бухгалтерлік есеп әдіснамасы және аудит департаментінің 1998 жылғы 4 маусымдағы № 91 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 580 болып тіркелді).