2008 жылға арналған қалалық бюджет туралы
Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2007 жылғы 13 желтоқсандағы № С-6/6 шешімі
(2008.17.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2008 жылғы 14 сәуірдегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Кодексі 2004 жылғы 24 сәуірдегі «Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінің» (бұдан әрі - Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексі) 63 бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабы, 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2008.17.01. № С-7/5 шешімімен 1-тармақ өзгертілді (2008 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)
1. 2008 жылға арналған қалалық бюджет 1 қосымшаға сәйкес келесі көлемде бекітілсін:
1) кірістер - 7 611 156 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер - 4 800 908 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 92 555 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 503 849 мың теңге;
трансферттік түсімдер - 2 213 844 мың теңге.
2) шығындар - 8 208 728,2 мың теңге;
3) операциялық сальдо - -597 572,2 мың теңге;
4) таза бюджеттік несиелендіру - - 153 905 мың теңге, соның ішінде:
бюджеттік несиелерді төлеу - 153 905 мың теңге;
5) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 131 500 мың теңге, соның ішінде:
қаржы активтерін алу - 133 700 мың теңге;
мемлекеттік қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 2 200 мың теңге;
6) бюджеттік тапшылық (профицит) - -575 167,2 мың теңге;
7) бюджеттік тапшылықты қаржыландыру (профицитті пайдалану) 575 167,2 мың теңге.
2. Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексінің 49 бабының 1 тармағына және Ақмола облысы мәслихатының 2007 жылғы 5 желтоқсандағы № 4 С-3-4 «2008 жылғы облыстық бюджет туралы» шешіміне (Ақмола облысының әділет департаментінде 2007 жылғы 21 желтоқсанда№№ 3238 болып тіркелген) сәйкес кірісті бөлу нормативі келесі мөлшерде бекітілді: