2008 жылға арналған Астана қаласы бойынша қоршаған ортаға
эмиссия үшін төлем ставкаларын белгілеу туралы
Астана қаласы мәслихатының 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 48/8-ІV шешімі
Осы редакция 2008 жылғы 4 сәуірдегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы»«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)» Кодексінің 462-бабына, 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық Кодексінің 19-бабының 6) тармақшасына, 101-бабының 4-тармағына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабының 5-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы «Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақының базалық және шекті ставкаларын бекіту туралы» Қаулысына сәйкес, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. 2008 жылға арналған Астана қаласы бойынша қоршаған ортаға эмиссия үшін төлем ставкалары қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Астана қаласы мәслихатының 2006 жылғы 14 желтоқсандағы № 308/40-ІІІ «Қоршаған ортаны ластағаны үшін Астана қаласы бойынша 2007 жылға төлем ставкаларын белгілеу туралы» шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2007 жылғы 16 қаңтарда 454 нөмірмен тіркелген, 2007 жылғы 08 ақпанда № 21-22, 2007 жылғы 22 ақпанда № 32-33 «Астана хабары», 2007 жылғы 06 ақпанда № 20-21 «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді және 2008 жылғы 1 қаңтарда туындаған қатынастарға қолданылды.
Астана қаласы мәслихатының
сессия төрағасы
Астана қаласы мәслихатының
хатшысы
Астана қаласы мәслихатының
2008 жылғы 30 қаңтардағы
№ 48/8-ІV шешіміне қосымша
2008 жылға арналған Астана қаласы бойынша қоршаған
ортаға эмиссия үшін төлем ставкалары