Алматы қаласының құтқару қызметі» коммуналдық қазыналық
кәсіпорнынын кейбір мәселелері туралы
Алматы қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 23 қазандағы № 7/1251 қаулысы
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», «Мемлекеттік кәсіпорын туралы» Заңдарына сәйкес Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Алматы қаласының- күтқару кызметі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының Жарғысы қосымшаға сәйкес жаңа мәтінде бекітілсін.
2. «Алматы қаласының құтқару қызметі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының Директоры (Хайбуллин Р.) заңнама белгіленген тәртібімен Алматы қаласының әділет департаментін хабарласын.
3. Алматы қаласының әкімдігінің 2005 жылгы 2 маусымдағы № 3/320 «Алматы қаласының құтқару қызметі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының жарғысын бекіту туралы» қаулысының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Алматы қаласының әкімінің орынбасары Я.И. Заяцқа жүктелсін.
Алматы қаласының әкімі | И. Тасмағамбетов |
Әкімдік хатшысы | К. Тәжиева |
Алматы қаласы әкімдігінің
2006 жылғы 23 қазандағы
№ 7/1251 қаулысымен
бекітілген
Алматы қаласы әкімдігі жанындағы «Алматы қаласынын құтқару қызметі»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның
ЖАРҒЫСЫ
1. Жалпы ережелер
1. Алматы қаласы әкімдігі жанындағы «Алматы қаласының құтқару қызметі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны, әрі қарай мәтіні бойынша Кәсіпорын, жедел басқару құқығына ие мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның ұйымдастыру-құқықтық кейпіндегі заңды тұлға болып табылады.
2. Кәсіпорынға байланысты коммуналдық жекеменшік құқық функцияларын Алматы қаласы әкімдігі (әрі қарай мәтіні бойынша Уәкілетті орган) атқарады.