Қостанай қаласының 2008 жылға арналған бюджеті туралы
Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 2007 жылғы 14 желтоқсандағы № 26 шешімі
Осы редакция 2008 жылғы 14 сәуірдегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағы 1)-тармақшасына сәйкес Қостанай қалалық Мәслихаты ШЕШТІ:
Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 2008.16.01. № 41 шешімімен 1-тармақ жаңа редакцияда
1. 2008 жылға арналған қалалық бюджет 1-қосымшаға сәйкес келесі көлемде бекітілсін:
1) Кірістер 11999301 мың теңге, оның ішінде мыналар бойынша:
салықтық түсімдер 8397240 мың теңге;
салықтық емес түсімдер 30932 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 1137113 мың теңге;
трансферттердің түсімдері 2434016 мың теңге;
2) шығыстар 13009468,8 мың теңге;
3) операциялық сальдо -1010167,8 мың теңге;
4) таза бюджеттік несиелеу -5544 мың теңге, оның ішінде бюджеттік несиелерді өтеу -5544 мың теңге;
5) тапшылық -1004623,8 мың теңге;
6) тапшылықты қаржыландыру 1004623,8 мың теңге.
2. Бюджет Кодексіне сәйкес 2008 жылда қала бюджетіне түсімдер, облыстық және республикалық бюджеттерден есептелетін кірістерден басқа, толық көлемде есептелінеді:
1) салықтық түсімдер:
жеке табыс салығы; әлеуметтік салық; мүлікке салынатын салықтар; жер салығы; көлік құралдарына салынатын салық; республикалық бюджетке есептелетінінен басқа, акциздер; табиғи және басқа ресурстарды пайдаланғаны үшін түсетін облыстық бюджетке есептелетінінен басқа түсімдер; кәсіпкерлік және кәсіби қызметті жүргізгені үшін алынатын алымдар; республикалық бюджетке есептелетінінен басқа мемлекеттік баж;
2) салықтық емес түсімдер: