«Ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» Қостанай қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 3 қаңтардағы № 3 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 6 мамырдағы № 1129 қаулысы
Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 13 қаңтардағы № 42 қаулысымен күші жойылды
Жұмыстар көлемінің арттырылуына байланысты, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7, 20-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына сәйкес, Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» Қостанай қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 3 қаңтардағы № 3 (тіркеу нөмірі 9-1-97, 2008 жылғы 5 ақпандағы № 9 «Қостанай» газеті) қаулысына келесі толықтырулар енгізілсін:
қосымшаға сәйкес, қаулыға қоса беріліп отырған жұмыссыздар үшін ұйымдастырылатын қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемдері, кәсіпорындар тізбесі 16, 17, 18-жолдармен толықтырылсын.