«Назарбаев Зияткерлік мектептері» акционерлік қоғамының директорлар кеңесінің құрамы туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 16 маусымдағы № 586 Қаулысы
(2010.08.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Үкіметінің 2010.08.09. № 911 Қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
«Өркен» акционерлік қоғамын құру және Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 13 мамырдағы № 452 қаулысын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Үкіметінің 2010.08.09. № 911 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі:
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыға қосымшаға сәйкес «Назарбаев Зияткерлік мектептері» акционерлік қоғамының директорлар кеңесінің құрамын сайлауды қамтамасыз етсін;
2) екі ай мерзімде үш тәуелсіз директорлардың кандидатурасы бойынша ұсыныс енгізсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
ҚР Үкіметінің 2009.06.08. № 1184 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2009.30.11. № 1967 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.19.03. № 221 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.08.09. № 911 Қаулысымен (бұр.ред.қара) қосымша өзгертілді
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 16 маусымдағы
№ 586 қаулысына
қосымша
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» акционерлік қоғамының
директорлар кеңесі
| Сарыбеков Махметғали Нұрғалиұлы | - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі»; |
| Келімбетов Қайрат Нематұлы | - Самұрық-Қазына ұлттық әл-ауқат коры» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы |
| Орынбаев Ербол Тұрмаханұлы | - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төраға |
| Сұлтанов Бақыт Тұрлыханұлы | - Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі |
| Кармазина Лена Мағауияқызы | - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі |
| Даленов Руслан Ерболатұлы | - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі |
| Шәмшидинова Күләш Ноғатайқызы | - «Өркен» акционерлік қоғамының басқарма төрайымы |
| Әшімбаев Мәулен Сағатханұлы | - Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары |
| Сәрінжіпов Аслан Бәкенұлы | - «Назарбаев, Университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамның президенті |
| Томас Кучера | - тәуелсіз директор |
| Чарман Кеннес Пол | - тәуелсіз директор |
| Мурзабекова Светлана Викторовна | - тәуелсіз директор |
| Даниэль Бэстиэн | - тәуелсіз директор |